Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Подъезд есігінен тог ұрып, жүрегі тоқтап қалған» - Өскемендегі сұмдық жағдайдың себеп-салдары белгілі болды (ФОТО)

09:05, 26 желтоқсан 2025

Өскеменде көпқабатты үйлердің бірінде жас жігітті электр тогы соғып, салдарынан ол аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Оқиға 25 желтоқсанда Протозанов көшесіндегі №31 үйдің бірінші кіреберісінде болған.

Куәгерлердің мәліметінше, подъезд есігінен алған соққы салдарынан зардап шегушінің жүрегі тоқтап қалған. Шақыру бойынша келген жедел жәрдем мамандары оқиға орнында шұғыл реанимациялық шараларды жүргізіп, науқасты емдеу мекемесіне жеткізді. Тұрғындар аталған есіктің электр қуатын өткізіп тұрғанына бір айға жуық уақыт болғанын, алайда тиісті мекемелер тарапынан ешқандай шара қолданылмағанын айтып шағымданды.

Қалалық әкімдік өкілдері бұл жағдайға байланысты түсініктеме берді. Алдын ала болжам бойынша, ток көзі «Алма домофон» ЖШС қызмет көрсететін домофон құрылғысынан шығуы мүмкін деп есептелген. Оқиғаның себептерін анықтау мақсатында «Исток» ПИК қызметкерлері жұмылдырылды.

Кейінірек жүргізілген тексеріс нәтижесінде электр тогының таралу себебі табылды. Ақау есік жақтауына орнатылған прожекторлық шамнан шыққаны белгілі болды. Қазіргі уақытта жарық беру құрылғысы желіден ажыратылып, қауіп жойылды. Оқиғаға қатысты жауапты тұлғаларды анықтау және олардың әрекетіне құқықтық баға беру жұмыстары құзырлы органдармен жүзеге асырылуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар