Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылордалық «Қайсар» мен «Жетісу» шығып қалды: Футболдан КПЛ 2026 жүлдегерлері белгілі болды

16:45, 02 қараша 2026

Қазақстан Премьер-лигасының (КПЛ) 2026 жылғы маусымы өз мәресіне жетіп, шешуші 30-тур ойындарынан кейін командалардың турнирлік кестедегі түпкілікті позициялары айқындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Жарыс қорытындысы бойынша чемпиондық кубок пен алтын медальдарды шымкенттік «Ордабасы» ұжымы жеңіп алды. Жыл бойы тұрақты өнер көрсеткен Шымкент командасы маусымды 68 ұпаймен көш басында аяқтады. Ал турнирлік кестенің екінші сатысына 65 ұпай жинаған алматылық «Қайрат» тұрақтап, ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Көшбасшыдан небәрі үш ұпайға қалып қойған Алматы клубынан кейінгі үздік үштікті елордалық «Астана» түйіндеді. 54 ұпай жинаған елордалықтар бұл маусымда қола медальға ие болды.

Бұдан бөлек, маусым нәтижесі бойынша турнирдің аутсайдерлері де анықталып, екі ұжым Премьер-лигамен қош айтысты. Атап айтқанда, 27 ұпай еншілеген талдықорғандық «Жетісу» 15-орынға тұрақтаса, 25 ұпаймен кестенің ең соңғы 16-шы сатысынан көрінген қызылордалық «Қайсар» жоғарғы дивизиондағы орнын сақтап қала алмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар