Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Өзінен шыққан ұрыққа жауапты... Әкесіз жүр»: Қайрат Әділгерейдің жары өткір мәлімдеме жасады

16:55, 22 қазан 2026

Танымал актер Қайрат Әділгерейдің жұбайы, әнші Бақыт Тұрман отбасылық жауапкершілік, некесіз дүниеге келген балалардың тағдыры және ата-ананың басты міндеттері туралы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі бұл мәселеге жеңіл қарауға болмайтынын, әсіресе ер азаматтардың өз артында қалған ұрпағы үшін тікелей жауапты екенін ескертті. Сонымен қатар ол қоғамда әкесіз өсіп жатқан балалардың көбейіп бара жатқанына қынжылыс білдірді.

Бақыт Тұрман еліміздегі азаматтар мен қыз-келіншектерге ой тастайтын жанайқайын төл сөзімен былайша баяндап берді:

«Жігіттерге айтарым, сіздер өздеріңізді ар-намысы бар, ұяты, күш-жігері бар мықты ер азамат деп санайтын болсаңыздар, өз ата-бабаларыңыздың жолын жалғаушы, жанұяңыздың жалғастырушысы ретінде сізге берілген ұрықты айдалаға шаша бермеңіздер! Және әрбір өзіңізден шыққан ұрыққа жауапты екеніңізді әрқашан ұмытпаңыздар! Мынау не деген сұмдық? Әрбір әйелде еркектен қалған балалар әкесіз жүр», – деді өнер иесі.

Оған қоса, әнші тек еркектерді ғана емес, ана атанбас бұрын болашақ нәрестенің тағдырын терең ойланбайтын қыздарды да қатаң сынға алды:

«Ал қыздарға айтарым одан да қатты. Бір апамыз «Салақтықтан туып жатқан бала» деп айтқан. Салақтықтан баланы туып қалмаңыздар! Кімнен туып жатқаныңызды, кімнің ұрпағын көбейтіп жатқаныңызды өзіңізден сұраңыз. Сіздің туып жатқан балаңыз сол адамның ұрпағын жалғастыруға керек пе деп бірінші сұраңызшы. Біз бәріміз жаратылысымыз сондай болған соң мысықша туа береміз. Бірақ ол сіздің ахуалыңызды көтере ме? Сіз кім үшін туып жатырсыз? Соны көп ойланыңыздар. Қатты айттым, ал!», – деп ағынан жарылды Бақыт Тұрман.

Әншінің пайымдауынша, бала тәрбиесі мен оның келешегіне қатысты ауыртпалық тек әйелдің мойнына жүктелмеуі тиіс. Екі тарап та, әсіресе ер азаматтар өз әрекеттерінің салдарын сезініп, дүниеге әкелген әрбір перзентіне саналы түрде қарауы қажет.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар