Екінші рет тұрмысқа шыққан танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жолдасымен бірге Катарға демалуға аттанып, Доха қаласынан түскен суреттерін желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Alash.kz
Жұбайы Олжас Абай екеуі бал айын өткізіп жатқан сәттерін көрсеткен. Кадрларда актриса гүлді принтпен көмкерілген ашық түсті жазғы көйлек пен күннен қорғайтын көзілдірік тақса, жары жеңіл поло-жейде мен шолақ шалбар киіп, серуендеп жүр. Бақытты көрінген қос ғашық камераға қарап жымиып түскен.
«Мен өмірден көп нәрсе сұраймын. Доха қаласы», — деп жазды Дариға Бадықова жазбасына «өмір естеліктері» деген хэштег қосып.
Желі қолданушылары жұлдызды жұптың суреттеріне сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді. Оқырмандар «Бақытты болыңыздар», «Құлпырып кетіпсіз, махаббат адамды қалай өзгертеді», «Ол тіпті жарқырап кеткен, бақыттарыңызға өте қуаныштымыз», «Араларыңызда періштедей сәби дүниеге келсін» деп жарыса тілек жазды.