Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Тырнақ астынан кір іздеп... Хайп жинама!»: Қайрат Нұртастың анасы өзіне мін таққан кәсіпкерге шүйлікті

14:22, 22 қазан 2026

Отандық танымал кәсіпкер әрі бизнес жүргізуге арналған кітаптардың авторы Назгүл Сәтбаева қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің кәсіпкерлік қызметі мен қызмет көрсету деңгейіне қатысты ашық пікір білдіріп, үлкен талқы тудырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, еліміздегі аты төрткүл дүниеге танымал өнер адамдары ашқан сауда нүктелері мен сұлулық салондарындағы сервис талапқа сай емес. Ол бұл мәселені өз кітабында да арнайы арқау еткенін жеткізді.

Назгүл Сәтбаева отандық эстрада жұлдыздарының жеке мекемелеріндегі жағдайды аралап көргеннен кейінгі алған әсерін төл сөзімен былай деп ашық айтты:

«Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекованың дүкенінде болдым. Жазира Байырбекованың салонын көрдім. Аша Матайдың да кәсібі бар. Айта берсең, мұндай орындар өте көп. Кітабымда да кейбір салондар туралы жаздым. Қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің 99 пайызының мекемесіне қайта барғым келмейді. Сервис жоқтың қасы. Сулы майлықтар шашылып жатады. Олар өздерінің аты мен аудиториясына сенеді. Ал кәсіби мамандарды жұмысқа алуға мән бермейді», – деді Назгүл Сәтбаева.

Бизнес-сарапшы бұл ескертуіне ешкімнің өкпелемеуі тиіс екенін алға тартты. Оның пайымдауынша, әрбір табысты бизнестің артында тек танымалдылық емес, ең алдымен сауатты басқарушы, білікті директор мен әкімші тұруы шарт. Қызмет сапасы мен ұсынылатын өнімнің деңгейі тікелей сол саланы басқарып отырған маманның кәсібилігіне байланысты болмақ.

Кәсіпкер тарапынан айтылған бұл ащы сынға продюсер әрі кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова жауапсыз қалмады. Өз кезегінде ол Назгүл Сәтбаеваның айтқандарын жоққа шығарып, танымал тұлғалардың атын жамылып аудитория жинамауға шақырды.

Гүлзира Айдарбекова өзінің реніші мен қарсы уәжін тікелей төл сөзімен былайша шорт кесті:

«Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояпты» дегендей, ақылшы болып елді таңғалдырып, атағы бар адамдардың артынан сөйлеп, хайп жинап, подписчик көбейтпей-ақ қойшы. Біздің дүкеннің тазалығындай дүкен ашып, жасап көр алдымен. Осы мін іздеп, тырнақ астынан кір тауып отыратындардан қалдық қой», – деп жауап қайтарды продюсер.

Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова кәсіпкер авторға өзгенің еңбегін сөгіп, мін таққанша, алдымен өзінің қол жеткізген жетістіктерімен немесе өз анасының іскерлік қабілетімен мақтануға кеңес берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар