Маңғыстау облысында Instagram арқылы Қытайдан арзан бағамен тауар жеткізуге уәде беріп, сатып алушылардың ақшасын иемденді деген күдікке ілінген адам ұсталды, деп жазады Alash.kz.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік желі арқылы Қытайдан тауар жеткізіп беруге уәде етіп, жарнама жасаған. Осыған сенген азаматтар оларға ақша аударған. Алайда тапсырыс берушілер уәде етілген тауарларды алмаған.
Тергеу нұсқасы бойынша, жиналған қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып жатыр. Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен дәлелденген жоқ.