Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейде соғыс қаупіне тап болған қазақ жігіттері елге оралды (ВИДЕО)

13:30, 22 қазан 2026

Ресейге жұмыс істеуге барып, кейін соғысқа тартылу қаупіне тап болған қазақ жігіттері Қазақстанға оралды. Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Alash.kz.

«Осы балалардың әрқайсысы бүгін өз жерінде, өз елінде, өз ата-анасының жанында. Аллаға сансыз шүкір», - деп жазды заңгер.

Еске салайық, бұған дейін Ресейге жұмыс іздеп барған бір топ қазақ жігіті соғысқа тартылуы мүмкін екенін айтып, Қазақстан билігінен көмек сұраған еді. Олардың айтуынша, Ресей аумағында жүрген кезде соғысқа жіберілу қаупіне тап болған.

Осы жағдайдан кейін жігіттердің елге оралуына көмектесу мәселесі көтерілді.

Елге нақты қанша қазақстандықтың оралғаны әзірге белгісіз. Бұған дейін 13 адамды қайтаруға дайындық жүріп жатқаны хабарланған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар