Алматыдағы тұрғын үй кешенінде жарылыс болды, деп жазады Alash.kz
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрдан зақымдалған үй қабырғасын, бетон қалдықтарын көруге болады.
Әкімдік мәліметінше, Медеу ауданындағы үш қабатты тұрғын үйде газ-ауа жарылысы болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұған табиғи газдың ағуы себеп болуы мүмкін.
«Оқиға салдарынан екі бала жеңіл жарақат алды. Тексеріліп, қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді», - делінген мәлімдемеде.