«Өлтірсе өлтірсін, мен енді ешкімді тыңдамаймын»: Қаржаубай Нұрымов әділ тергеуді талап етті, деп хабарлайды Alash.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Талғарда бауыры Нұрқанат Ғайыпбаевті қара жерге тапсырғаннан кейін Қаржаубай Нұрымов пен оның туған-туыстары құқық қорғау органдары қызметкерлерінен тағы да әділ тергеуді талап етті.
Олар жолға шығып, болған жайтты баян етті. Наразылықтарын жеткізді.
Қаржаубай Нұрымов бауыры Нұрқанатты жер қойнына тапсырғаннан кейін сол жерде талаптарын, байқаған шикіліктерінің себебін келген құқық қорғау органдарының сұрап, жауапты талап еткен.
Қаржаубай Нұрқанаттың денесі табылған күні “Киа көлігімен Нұрқанатты бірге іздеп жүрген ПД қызметкерлері жоқ болып кеткенін” айтады. Оқиға орнынан видеоны белсенді Димаш Қаматай таратты.
- Мен ешкімге арыз жазбаймын. Жазып-жазып болдым. Артымда інім бар ғой деп шыдадым. Өлтірсе мені өлтірсін. Соттаса соттасын. Мен енді ешкімді тыңдамаймын, – дейді Қаржаубай.