Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Одесса мен Харьков облыстарында жүрген қазақстандықтарға Украинадан шұғыл кету керек

10:35, 29 наурыз 2024 192

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Одесса және Харьков облысындағы шиеленіс пен тұрақсыздыққа байланысты Қазақстан азаматтарына сол өңірлерден кету мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

– Украинадан Қазақстанға жету үшін ҚР азаматтары Польша немесе Молдова арқылы екі жерүсті бағытын, бұдан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Польша арқылы шыққан жағдайда Қазақстан азаматтарына Шенген визасы болуы қажет, Молдоваға кіру үшін виза қажет емес, - делінген хабарламада.

Елшілік сонымен қатар азаматтарды әуе дабылын елемеуге және қиын жағдайда дереу пана ізедуге шақырды.

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефондарының нөмірлерін жариялады.

Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс нөмірі: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031
Қазақстан азаматтарына арналған жедел желі (төтенше жағдайларда): +380673470408

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар