Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева, Динара Закиева: Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды

15:22, 28 тамыз 2026

Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды, деп хабарлайды Alash.kz.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай вице-спикер қызметіне бұрынғы сенатор Нұрлан Бекназаровтың, «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжілістің экс-вице спикері Дания Еспаеваның және бұрынғы Мәжіліс депутаты Динара Закиеваның кандидатураларын ұсынды.

— Келесі қарайтын мәселеміз — Қазақстан Республикасы Құрылтайы төрағасының орынбасарларын сайлау туралы. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес Құрылтай төрағасының үш орынбасары болады. Олар төрағаның ұсынуы бойынша Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады. Сондықтан өзіме берілген құқықты пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Құрылтайы төрағасының орынбасары лауазымына алдымен Құрылтай депутаты Нұрлан Бекназаровтың кандидатурасын ұсынамын. Нұрлан Құдиярұлы — белгілі мемлекет қайраткері, кәсіби біліктілігі мол маман, депутат ретінде де тәжірибесі көп. Екі рет Парламент Сенатының депутаты болып сайланған, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болған, — деді Айбек Дәдебай.

Дауыс беру ашық форматта өтті. Депутаттар Спикердің ұсынысын қолдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар