Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Назарбаев? Ол халыққа емес, өзіне ренжуі керек – жазушы Нұржекеев

05:11, 24 наурыз 2022 240
 

Жазушы Бексұлтан Нұржекеев экс-президентті халықтың өз байлығын өзіне бермеді. Президенттіктен кетсе де, биліктен кетпей отырып алды деп сынады.


– Нұрсұлтан Назарбаев Теміртау қаласында жұмыс істеген кезінен танимын. Ол туралы бірнеше мақала да жаздым. Назарбаевтың Қазақстан шекарасын бекіткені, еліміздің солтүстігіне астананы апарғанын жоққа шығара алмаймыз.

Бірақ өзі мен отбасы, төңірегі ашкөздік жасады. Назарбаевтың Вашингтон, Ататүрік сияқты тарихта қалуға мүмкіндік болды, бірақ пайдалана алмады. Ол үшін халыққа емес, өзіне ренжуі керек. Сондықтан халықтың бетіне тура қарай алмайды. «Халық үшін күн-түні ұйықтамадым» деп айта алмайды.

Қонаев қызметінен босатылған соң үстінен қылмыстық іс қозғамақ болып тексеріп, ештеңе шығара алмады. Қылмысы болса Қонаевты қамайтын еді. Бұл – адалдықтың, кіршіксіз тазалықтың, елге ғана қызмет істегендіктің белгісі. Қонаевтың қолы таза болды. Ол кісі қызметтен кеткеннен кейін де барып, сәлемдестім. Қарапайымдығы мен сыпайылығына, мәдениетіне қатты таңғалдым, – дейді Бексұлтан Нұржекеев.

«Зейнеткер Назарбаевқа барар ма едіңіз?» деген сұраққа «қайда екенін білмеймін, Қазақстаннан кетіп қалған сияқты. Шақырса барар едім, неге сөйлеспеске?» деп жауап беріпті жазушы.


Еске салсақ, бұған дейі Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Дабиге ұшып кеткені туралы ақпарат шықты.

Бұған дейін, Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды мен оның бұрынғы жұбайы Гүлмира қамауға алынды.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар