Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді". Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды

06:27, 22 қаңтар 2024 269


Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа ресейлік журналист Тина Канделакидің Қазақстанға қарсы сөзіне байланысты сұрақ қойылды. СІМ ресми өкілі:




– Қоғам өзі енді жауап берді ғой. Бір апта қызу талқыланды. Оған не қосайын енді? Өз есесін алды ғой. Ең өкініштісі, солай айта беретін шетел азаматына жауап бере берсек, онда өзіміздің қанша ішкі мәселесі қалып қалады. Соған көңіл бөлейік. Сырттан біреу ананы айтты, мынаны айтты деп назар аудара берсек, уақытымыз да жетпейді. Екінші өкінішті мәселе, көрші елдегі азаматтар біздің елді білмейтіні адамды кішкене өкпелетеді. Өйткені біз туралы ақпарат дұрыс емес. Біздің елге, қалай өмір сүріп жатқанымызды келіп көрсін. Ойдан шығарып жаза бергеннен енді, әлеуметтік желіде қырылысқанша өзіміздің жұмысты ары қарай жалғастырайық.

Тина Канделаи Қазақстанға қарсы сөз айтқан адамдарың тізіміне ене ме деген тілшілер сұрағына, А.Смадияров:
– Тізімді қайта-қайта сұрай бересіздер. Бір-екі-үш деген ондай тізім жоқ. Ол әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Егер сізге біреу ұнамаса, үйңізге кіргізбейсіз ғой. Біз де сол. Керек кезде шара қабылданады. Бүгін кіргізесіздер ме, ертең кіргізесіздер ме деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас. Келген жағдайда да кірмейді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар