Аягөз ауданында сарбаз мерт болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл қайғылы жағдай 13- ші маусым күні Аягөз ауданында болған.
21 жастағы сарбаз оқу- жаттығу кезінде әскери техниканың астына түсіп көз жұмды.
Әскери бөлімшенің басшылары берген түсінікке жақындары сенбеуде. Отанға қызмет етуге кеткен ұлының денесі табытпен келгенін көрген ата-ана оқыс жағдай екеніне күмәндары бар. Олар әділдік іздеуде.
"Ұзақ жол жүріп, жалғыз өзім моргке кірдім. Ұлымды көрдім... Техника астына түсіп қалды деп түсініктеме берді. Трактордың астынв түссе, денесінен ештеңе қалмаушы еді ғой. Кімнен көмек сұрап, қалай айтарымды білмей отырмын",- деді анасы.