Ақмола облысында “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деген айыппен белсенді Әсел Оңланбекқызы 10 тәулікке қамалды. Бұл жөнінде “Белсенділер экстремист емес” тобы хабарлады, деп жазады Alash.KZ.
Сәуір айының басында белсенді Марат Жыланбаев қарсылық ретінде аузын тіккені хабарланған кезде бір топ адам белсендіні қолдап, Степногорск түрмесіне барған. Арасында Әсел Оңланбекқызы да болған. Сот шешімінде жауапкердің түрме маңында “аузын [скотчпен] жапсырып алып, Марат Жыланбаевты босатуды талап еткені”, осылайша “заңсыз акция жасағаны” жазылған.
Сот кезінде Әсел Оңланбекқызы өзіне тағылған айыппен келіспеген.
Елде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні жақындаған шақта белсенді қамалып отыр. Бұған дейін Қарағандыда да бірнеше белсенді қамалған еді.
Марат Жыланбаевты босатуды талап еткен белсенді 10 тәулікке қамалды
ҚазҰУ-да тағы бір оқыс жағдай: Студент қыз өзіне дене жарақатын салған (ВИДЕО)
09:19, 20 қараша 2026
Амангелді Сейітханның есімі көшеге берілуі мүмкін: Спорт министрлігі бастаманы қолдады
19:18, 19 қараша 2026
«Өмірің өз қолыңда!»: Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры шақырады
18:29, 19 қараша 2026
Қаралы хабар: Танымал әзілкеш, стендап-комик 29 жасында ота үстінде көз жұмды (ФОТО)
17:23, 19 қараша 2026
Жаңа желекжолдар, аулалар мен аллеялар: Астананы абаттандыру жұмысы қалай жүргізілді
16:43, 19 қараша 2026
«Полковниктің кінәсі дәлелденді»: ІІМ комитетінің бұрынғы басшысына сот айыппұл салды
16:16, 19 қараша 2026
"Үкім өзгеріссіз қалды" - Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты соттың түпкілікті шешімі шықты
15:12, 19 қараша 2026
«Тоқсанбаеваның алтыннан айырылғанына кім кінәлі?»: Министрлік мәлімдеме жасады
14:33, 19 қараша 2026