Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Маңызды кезең”: Танымал мектеп директоры ел естімеген жаңалығын бөлісті

14:50, 22 наурыз 2026

Әлеуметтік желіде өзінің тренд видеоларымен танымал болған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза оқырмандарына жаңалығын бөлісті,  деп жазады Alash.kz.

Астанадағы №58 мектеп-гимназиясының директоры “Алтын ханым – 2026” жобасына қатысып, бақ сынап жатқанын хабарлады.

“Алтын ханым – 2026 жобасына қатысу мен үшін үлкен жауапкершілік пен жаңа мүмкіндіктерге толы белес. Әр қадамым – ізденіс пен еңбектің нәтижесі, әр сәті – өзімді жаңа қырымнан тануға жол ашады.

Бұл жоба – жай ғана байқау емес, ол өз-өзімді дамытуға, шыңдалуға және алға қарай нық қадам басуға бағытталған маңызды кезең. Осы жолда маған сіздердің қолдауларыңыз бен жылы лебіздеріңіз өте құнды.

Сенім арта отырып, мені қолдайсыздар деген үміттемін. Әрбір қолдау – маған қанат бітіретін күш”,- деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар