Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Израиль мен АҚШ әскері Иранның Натанз қаласындағы ядролық нысанға соққы жасады

21:09, 21 наурыз 2026

Израиль мен АҚШ Ирандағы Натанз қаласындағы ядролық нысанға соққы жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Иранның Атом энергиясы ұйымы тексеру жүргізіп, радиацияның сыртқа таралуы тіркелмегенін мәлімдеді.

Сондай-ақ ұйым бұл әрекетті қатаң айыптап, оны Ядролық қаруды таратпау туралы келісім мен халықаралық құқық нормаларын бұзу деп бағалады.

Ал Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) аталған оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын бастаған.

БҰҰ жанындағы ядролық бақылау құрылымы жағдайдың ушығып кетпеуі үшін тараптарды «әскери ұстамдылыққа» шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар