Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үндемей қала алмаймын". Әріптесін ұрмақ болды деген айыпқа қалған актер Асқар Жұмабекке қатысты тың дерек шықты

16:00, 21 наурыз 2026

Бұрын сотты болған актер Асқар Жұмабек тағы да даулы жағдайға тап болды. Бұл жолы оны әріптесі, модель Айнұр Нарзиева «күш көрсетуге әрекет жасады» деп айыптаған. Оқиға 20 наурыз күні түсірілім алаңында болған, деп жазды Alash.kz.

Модельдің нұсқасы
Айнұр Нарзиеваның айтуынша, жанжал актерді ұйқысынан ояту мәселесінен туындаған. Түсірілім таңғы сағат 10:00-ге жоспарланған соң, Асқар Жұмабек өзінен ертерек оятуды өтінген.

Өз міндетіне кірмесе де, әріптесі кешігіп қалмасын деген ниетпен Нарзиева оны таңғы 08:30-дан бастап бірнеше рет қоңырау шалып оятқан. Алайда актер түсірілім алаңына келгенде, керісінше, осы әрекетіне наразылық білдіріп, ашуланған.

Модельдің сөзінше, «бұл бірінші рет емес» деген ескертуінен кейін актер ашуға мініп, оған күш көрсетуге әрекеттенген. Оқиға барысында әріптестері араша түсіп, жанжалдың ушығуына жол бермеген.

Актердің жауабы
Асқар Жұмабек те бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, жанжал болғанын жоққа шығармады. Алайда ол өз әрекетін ақтауға тырысты.

«Жанжал болғаны рас, ауыр сөз айтқаным да рас. Бірақ бетіме қарап маған қарсы сөйлеген адамға үндемей қала алмаймын — мінезім сондай. Оятуды өтінгенім – жай ғана сұраныс еді. Мен де адаммын, ол қызға қатысты еш жаман ойым болған жоқ. Барлығын Аллаға тапсырдым», – деді актер.

Актердің бұрынғы дауы
Бұл Асқар Жұмабектің атына қатысты алғашқы шу емес. Бұған дейін ол Алматыдағы мейрамханалардың бірінде кәсіпкерлердің ұлдарымен төбелесіп, 6,5 жылға сотталған еді. Кейін сот жазаның қалған бөлігін айыппұлмен алмастырып, ол мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан.

Соңғы оқиға актердің қоғам алдындағы беделіне тағы да кері әсер етіп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар