Алматы тұрғыны бірнеше ай бойы дертін жасырып, емді дәрігерден емес, биологиялық белсенді қоспалардан (БАД) іздеген. Соның салдарынан ісік асқынып, ақыры шұғыл отаға жеткізген, деп жазды Alash.kz.
Дәрігерлердің мәліметінше, 69 жастағы әйел қымбат қоспаларды сатып алу үшін несие рәсімдеп, ұзақ уақыт бойы солармен емделген. Ауруын жақындарынан да жасырып келген. Жағдайы күрт нашарлаған кезде ғана онкологиялық орталыққа жүгінген.
Тексеру барысында оның іш қуысын толық дерлік алып жатқан, көлемі шамамен 55×35 сантиметр болатын ірі ісік анықталған.
Хирургтер шұғыл операция жасап, салмағы 25 келіге жуық қатерлі липосаркоманы алып тастады.
Дәрігерлер мұндай жағдайлардың алдын алу үшін уақытылы тексеріліп, күмәнді ем-домнан аулақ болуға шақырады.