Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Путинді сынағанына бола жындыханаға жатқызылған". Ресейде блогер президентті сынаймын деп жындыханадан бірақ шықты

10:00, 21 наурыз 2026

Ресейлік блогер Илья Ремесло өзінің Telegram арнасында Владимир Путинге қатысты күтпеген сыни пікір білдіргеннен кейін Санкт-Петербургтегі Скворцов-Степанов атындағы №3 психиатриялық ауруханаға жатқызылғаны хабарланды деп жазады  Alash.kz.

Бұл ақпаратты «Фонтанка» басылымы аурухананың анықтама қызметіне сілтеме жасап таратқан. Ондағы мәліметке сәйкес, журналистерге Илья Ремесло есімімен тіркелген науқасқа сәлемдеме тапсыруға болатыны айтылған.

Сондай-ақ блогердің Telegram арнасында осы уақытқа дейін жаңа жазбалар жарияланбағаны байқалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар