Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ызаға булығып, қарсы алдында жатқан шабаданды тепкен Актер Асқар Жұмабек қамауға алынды

18:56, 21 наурыз 2026

Полиция актер Асқар Жұмабекті 10 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Әлеуметтік желіде таралған ер адамның агрессивті әрекеті бейнеленген бейнежазбаға байланысты Медеу ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізген.

Оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілген.

«Азамат А.-ға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тексеру барысында оның қоғамдық орында өзін агрессивті ұстап, балағат сөздер айтып, азаматшаға құрметсіздік танытқаны анықталған. Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен құқық бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.»,- делінген полицияның хабарламасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар