Иранда жас балуан Салех Мохаммади көпшілік алдында дарға асылды. Билік оны наразылық акциялары кезінде полицияға шабуыл жасады деп айыптағанын Alash.kz хабарлады.
Elordamedia.kz дерегінше, сот оның әрекетін «АҚШ пен Израильдің мүддесіне қызмет етті» деп бағалап, өлім жазасына кескен.
Ал құқық қорғаушылар бұл іске қатысты сот процесінің әділ өтпегенін алға тартады. Олардың мәліметінше, тергеу тиісті деңгейде жүргізілмеген, ал Мохаммади өз құқығын толық пайдаланып, қорғана алмаған.
Сонымен қатар, оның бапкерлері мен командаластары оқиға кезінде спортшының әкесінің үйінде болғанын айтқан. Алайда бұл жайт тергеу барысында ескерілмегені белгілі болды.