Александр Лукашенко Мелания Трамптың өзіне Ресейге әкетілген украиналық балалардың тізімін тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
Оның айтуынша, АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы бұл мәселені Владимир Путинмен талқылауды сұраған. Трамп аталған балаларды Украинаға қайтаруға ықпал етуін өтініп, тиісті тізімді табыстаған.
Лукашенко бұл өтінішті жеткізуге дайын екенін, алайда Путинді үгіттемейтінін айтты.
«Егер Мелания сұраса, бұл мәселені “ағаға” жеткіземін, қиын емес. Бірақ оны дәлелдеп, талап етіп отырмаймын. Өйткені бұл балалар расында бар ма, жоқ па, тізімді кім берген — оны нақты білмеймін. Мен үшін жеткізу қиын емес, сөйлесеміз», — деген ол