Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарағанды облысында 33 адам мінген автобус жол апатына түсіп, бір адам көз жұмды

19:51, 21 наурыз 2026

Қарағанды облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазды Alash.kz.

Оқиға 21 наурыз күні таңғы сағат 05:00 шамасында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, «Астана – Алматы» автожолының 747-шақырымында, Сарышаған кенті маңында, Жамбыл облысы шекарасынан үш шақырым жерде 49 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.

Салдарынан автобус жол жиегінде сол бағытта тоқтап тұрған «Volvo» жүк көлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде бір адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді. Апат кезінде автобуста 33 адам болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар