Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Күйеуі аямай ұрып, әйелі бетіне түкірген: Щучинскіде түгел бір отбасы полицейді ауруханаға түсірді

09:19, 17 наурыз 2025 822

Сенбі кешінде Щучинскіде учаскелік инспектор УАЗ көлігін тексеру үшін тоқтатқан, бірақ жай ғана құқықбұзушылықпен емес, ашық агрессиямен бетпе-бет келді, деп хабарлайды Alash.kz.

Рөлде бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 46 жастағы ер адам отырған. Ол полиция талабына бағынудың орнына, жұдырық ала жүгіріп, полицейді бірнеше рет бет тұсынан ұрған.

Instagram-дағы “Nayza Kokshe” аккаунтында мәлім болғандай, оқиға мұнымен бітпеген.

Жүргізушінің ағасы да жанжалға араласып, учаскелік полицейге бірнеше соққы жасаған.

Оған қоса, құқықбұзушының жұбайы да жағдайды одан әрі ушықтырып, полицейді балағаттап, ақырында бетіне түкірген.

Шабуылдан кейін үшеуі де оқиға орнынан қашып кеткен, алайда кейін ұсталды.

Полицей медициналық көмекке жүгініп, оған қажетті ем тағайындалды.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, билік өкіліне күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Барлық ұсталғандар тергеу амалдарынан өтуде.

Құқық қорғау органдары полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар