Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кинотеатрға мультфильм көруге барған түркістандық балаларға жыныстық қатынас сахналанған жарнама көрсетілген

12:46, 31 тамыз 2024 559

Кинотеатрға мультфильм көруге барған түркістандық балаларға жыныстық қатынас сахналанған жарнама көрсетілгені хабарланды, деп жазды  Alash.KZ. ұлттық порталы turkystan.kz басылымына сілтеп. 

Түркістан кинотеатрлары үлкен экранда бүлдіршіндер жасына сай келмейтін контент көрсеткен.

Бұл жайында желі қолданушысы Молдияр Ергебек әлеуметтік желіде жазды. 

«8 жасар қызыммен бірге мультфильм көру үшін Кинопарк кинотеатр желісінің Түркістандағы филиалына бардық (Хадиша плаза кинопарк). Әрбір фильм көрсетілместен бұрын жақында көрсетілімге кіретін фильмдердің жарнама роликтері жүреді, 10 минуттай. Балаларға арналған сеанста ересектерге арналған фильмдердің жарнамасы жүрді. Ал фильм жарнамалары әрдайым фильмнің ең драмалық, ең трагедиялық немесе ең күлкілі сахналарын қолданады. 10 минуттың ішінде кішкентай ғана қызым әрбәлені көрді: жыныстық қатынасы бар сахналар, асылып өлейін деп жатқан адам, үй ішіндегі аса қатыгез зорлық-зомбылық және тағы басқа... Бұл өте сұмдық жағдай. Балаларға арналған сеанста тек балаларға арналған контенттің жарнамасы жүруі керек», - деп жазды М. Ергебек.

 Сондай-ақ ол кинопарк және тағы басқа кинотеатр желілері бұны білмесе ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі оларға айтып міндеттеуі керек екенін атап өтті.

«Қызымды әңгімеге айналдырып қорқынышты сахналарды көруден аулақ ұстауға тырыстым, алайда кинотеатрда бұны жасау мүмкін емес. Елімізде суицид жасау жасы бүлдіршін жастағыларға дейін төмендеген мына заманда, мұндай қорқынышты оқиғалардың себептерінің бірін осынау 10 минуттық жарнама роликтерінен де іздеуге болады деп ойлаймын. Қадірмен оқырмандарым, бұл сұмдықты бәріміз бірігіп тоқтатайық. Бұл жағдайға үн қосыңыздар! Балалардың психикалық және физиологиялық денінің сау болуы біз ересектерге байланысты екенін ұмытпайық», - деді жазба авторы.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар