Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кіндігі де кесілмеген”. Таразда базар маңындағы тоғаннан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

11:43, 19 қыркүйек 2026

“Кіндігі де кесілмеген”. Таразда базар маңындағы тоғаннан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Таразда орталық базар маңындағы су арнасынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Қазір полиция сәбидің анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Нәрестенің денесін сол маңда жүрген балалар байқап қалған. Олар алғашында суда жатқан сәбиді қуыршақ деп ойлаған. Кейін балалар үлкендерді көмекке шақырып, нәрестенің денесі судан шығарылған. Басылым мәліметінше, шақалақтың кіндігі кесілмеген. 

Жамбыл облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 100-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Полиция қызметкерлерімен анасының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толыққанды және объективті анықтау мақсатында қажетті тергеу амалдары жалғасуда», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Қазір тәртіп сақшылары нәрестенің анасының кім екенін анықтап, оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар