Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Меруерт Өтекешоваға сыйлық бергім келеді…»: Баян Мақсатқызы ел күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

09:37, 29 сәуір 2026

Белгілі продюсер Баян Алагөзова қазақ кино өнерінің символына айналған «Қыз Жібек» фильмінде пайдаланылған камзолды мемлекеттік музей қорына өткізу туралы шешім қабылдады, деп жазады Alash.kz. 

Продюсер тарихи экспонатты тапсырумен қатар, фильмде басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешоваға құрмет ретінде бағалы тон кигізіп, ай сайын бір миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіп отыруды ұйғарған. Продюсер бұл қадамы арқылы ұлттық мәдениетке еңбегі сіңген тұлғаға қолдау білдіруді көздейді.

Тарихи киім продюсердің қолына кездейсоқ жағдайда түскен. Баян Алагөзованың айтуынша, жәдігерді кезінде қоқысқа тасталудан аман алып қалып, бірнеше онжылдық бойы ұқыпты сақтаған әйел заты оған өз еркімен сыйға тартқан. Қазіргі таңда бұл жәдігердің тарихи құндылығы мен сақталу деңгейі мамандардың назарында.

Бұл мәселеге қатысты Мәдениет және ақпарат министрлігі де ресми пікір білдірді. Мәліметінше, «Қазақфильм» киностудиясының музейінде аталған туындыда киілген бір түпнұсқа камзол қатаң күзетпен сақтаулы тұр. Министрлік өкілдері ұлттық кинематографияның асыл мұрасы саналатын екінші жәдігердің жеке адамның қолына қалай өткенін тексеріп, мән-жайды анықтауға ниетті.

Продюсердің бастамасы қоғамда түрлі пікір тудырды. Ол камзолды музейге тапсырумен қатар, Меруерт Өтекешоваға сый-сияпат жасауды да жоспарлап отыр.

«Достар, бәріңе қайырлы кеш! Мен қайтадан «жыр болған» танымал костюмді киіп алдым. Қазір ол мендегі өте қауіпсіз жерде, қауіпсіз орында сақталып тұр…

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар