Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әрбір үшінші түлек мамандығымен жұмыс істемейді…»: Дания Еспаева өткір мәлімдеме жасады

15:11, 27 сәуір 2026

Қазақстанда жоғары оқу орнын тәмамдаған әрбір үшінші маман өз кәсібі бойынша еңбек етпейді. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Палата Төрағасының орынбасары Дания Еспаева білім беру жүйесі мен нарық сұранысы арасындағы сәйкессіздікті сынға алды, деп жазады Alash.kz. 

Оның айтуынша, қазіргі мемлекеттік тапсырыс пен кадр даярлау тетіктері экономиканың нақты қажеттіліктеріне ілесе алмай келеді.

Депутаттың пайымдауынша, бұл мәселенің басты себебі — нарық сұранысын ұзақ мерзімді болжаудың жоқтығы. Нарықтағы өзгерістер қарқыны білім беру бағдарламаларының жаңаруынан әлдеқайда жоғары. Соның салдарынан кейбір мамандықтар бойынша кадрлар шамадан тыс даярланса, экономиканың стратегиялық салаларында маман тапшылығы айқын сезілуде. Бұл түлектердің кейіннен басқа салаға ауысуына немесе қайта даярлаудан өтуіне мәжбүрлейді.

Дания Еспаева Үкімет сағатында кадр даярлау мәселесіне қатысты былай деді:

«Сұраныс нарықта мемлекеттік білім беру тапсырысына қарағанда әлдеқайда жылдам өзгереді. Бұл кейбір бағыттар бойынша қайта даярлауға, ал басқаларында кадр тапшылығына әкеледі. Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі еңбек нарығының трансформациясына үлгермей жатыр, ал түлектердің құзыреттілігі жұмыс берушілердің заманауи талаптарына сәйкес келмейді».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар