Әнші Ақбота Керімбекова «Өмір өрнегі» бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі туралы айтты, деп жазады Alash.kz.
«Бір кем дүние деген бар ғой. Әрдайым шүкіршілік етемін. Алла тепе-теңдік болу үшін сынақ береді ойлаймын. Тәубесіне келсін деп. Біреуді баламен, біреуді күйеумен, ал біреуді әйелмен сынайды. Шүкір деймін, жеке өмірімде өкінішім жоқ. Анам да «Өнеріңді тастама, сенің жеке өмірің ешкімге керек емес» деп үнемі айтып отырады. Кез келген ата-ана қызының сәтті тұрмысқа шыққанын қалайды, ұлының жақсы келін алғанын қалайды. Үш баламның жарығы шығар, ештеңеге өкінбеймін. Бибігүл Төлегенова апамыздың сұхбатын көріп, тағдырымыз ұқсас екенін байқадым», – деді әнші.