Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Абай облысындағы Орлов шахтасында жұмысшы қаза болды

21:00, 27 сәуір 2026

«KAZ Minerals» тобына қарасты «Востокцветмет» ЖШС-нің өндірістік нысанында қайғылы жағдай тіркелді. Абай облысында орналасқан Орлов шахтасында тау жыныстары опырылып, салдарынан кәсіпорын жұмысшысы қаза таптыдеп жазады Alash.kz.

Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Апат кезінде тағы бір қызметкер түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Зардап шеккен азамат жедел түрде медициналық мекемеге жеткізіліп, қазір дәрігерлердің бақылауында жатыр. Оның денсаулық жағдайы туралы қосымша ақпарат нақтылануда. Кәсіпорын әкімшілігі мен құзырлы органдар зардап шеккендер мен қаза тапқан жұмысшының отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Құқық қорғау органдары орын алған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының сақталуы тексеріліп, опырылудың нақты себептері анықталуда. Сондай-ақ, өндіріс орнындағы техникалық жағдайға сараптама тағайындалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар