Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кез келді… Алғаш рет ұсынғалы отырмын”: Димаш Құдайберген көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті

10:50, 28 сәуір 2026

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген  желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz

Өнер иесі жас таланттарды әлемдік деңгейге шығаратын продюсер ретінде жұмысын бастап жатқанын хабарлады. Оның алғашқы жобасы – «Voice Beyond Horizon» жобасының жеңімпазы — Нұржас Садырбаев.

«Достар, бір жаңалықпен бөліскім келіп отыр: Hunan TV арнасындағы «Voice Beyond Horizon» жобасының алғашқы жеңімпазы — Нұржас Садырбаевты продюсері есебінде қарамағыма алдым. Мен 15 жылға жуық мансабымды халықаралық байқаулардан бастап әлем бойынша жеке концерттерге дейін әртіс ретінде ұзақ жолдан өттім. Енді сол тәжірибеммен бөлісіп, еліміздің атынан Азиядан Америка құрлығына дейінгі әлемдік ареналарда өнер көрсететін әртіс дайындайтын кез келді! Осы жолдағы басты күшіміз — біздің қолдауымыз бен бірлігіміз. Бүгін студиядағы бірлескен жұмысымыздың көрінісін алғаш рет ұсынғалы отырмын. Ән ресми түрде алдағы аптада жарық көреді. Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де менің YouTube арнамда кездесеміз. Кездескенше», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар