Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жауырыны жерге тимеген" Шавкат Рахмоновтың жаңа UFC рейтингіндегі орны айқындалды

05 маусым 2024 908

Ultimate Fighting Championship (UFC) жартылай орта салмақтағы файтерлердің жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімде қазақстандық файтер де бар, деп хабарлайды Alash.KZ ҰЛТТЫҚ ПОРТАЛЫ Prosports.kz сайтына сілтеп.

Жеңіліп көрмеген, "жауырыны жерге тимеген" қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) өз орнын сақтап қалды. «Номад» үздік үштікті түйіндеп тұр.

Бірінші орынға америкалық Камару Усман жайғасса, екінші орынға АҚШ-тың тағы бір өкілі Белал Мухаммад табан тіреді. 

Реті келгенде айта кетейік,ұлыбританиялық Леон Эдвардс жартылай орта салмақтағы чемпион атанған. 

Ал, әйгілі Шавкат Рахмонов - Қазақстан атынан аралас жекпе-жекке қатысатын белді спортшы.

Спортшы Октагонның барлық жанкүйерлерін Бразилиядан келген UFC ардагері Алекс Оливейраны жеңген жеңісімен таң қалдырған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?