Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «Хабар» агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды Alash.kz.
Бұл туралы агенттіктің ресми сайтында жарияланған ақпаратта көрсетілген. Мәліметке сәйкес, тиісті шешім 2026 жылғы 2 қазанда компанияның жалғыз акционерінің №477-НҚ бұйрығымен қабылданған.
Сондай-ақ ресми ақпаратта Айбек Смадияровтың «Хабар» агенттігі» АҚ-да және онымен үлестес компанияларда акциялары (қатысу үлестері) жоқ екені айтылған. Бұдан бөлек, ол агенттіктің өнім берушілері мен бәсекелестерінің де акцияларына иелік етпейді.