Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қолын алмай қойдым»: Мұқасан Шахзадаев бұрынғы әріптесі Нұрлан туралы айтты (ВИДЕО)

09:18, 09 қараша 2026

Көпшілікке танымал «Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі Мұқасан Шахзадаев бұрынғы әріптесі Нұрланмен арадағы қарым-қатынасы үзілгенін және тіпті амандаспайтынын ашық мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

«Жетінші арнаға» берген сұхбатында өнер иесі бұрынғы әріптесіне деген өкпесінің қара қазандай екенін жасырмады. Ол бірнеше жиында бетпе-бет келгенімен, оның амандасуға созған қолын алмай қойғанын жеткізді:

«Мен амандаспаймын. Екі-үш тойда қызып жатқан кезде маған қолын созды. Қолын алмай қойдым. Ең бастысы аман болсыншы», — деді Мұқасан Шахзадаев.

Қос өнерпаздың арасына сызат түсуіне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Ал бұл сұхбат әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырып, оқырмандар тарапынан түрлі пікір жазылуда. Желі қолданушыларының басым бөлігі Мұқасанның бұл әрекетін тәкаппарлыққа балап, тіпті жауласқан адаммен де сәлемдесу қажеттігін алға тартып жатыр. Сондай-ақ көпшілік Нұрланның бірінші болып қол созғаны оның азаматтық кісілігін көрсететінін атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар