Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Белгілі әнші, термеші, әрі ұстаз өмірден озды (ВИДЕО)

09:27, 09 қараша 2026

Ақтөбеде танымал әнші, термеші әрі ұстаз Жәнібек Бекбосынов кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Өңірдің мәдени өміріне белсене араласып, ұлттық ән мен термені насихаттауға елеулі үлес қосқан өнер иесі Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында солист болып еңбек еткен. Ол түрлі республикалық мәдени шаралар мен концерттерге қатысып, тыңдарман ықыласына бөленіп жүрген.

Оның орындаушылық репертуарында эстрадалық туындылармен қатар халық әндері мен термелер де кеңінен орын алды. Өнерпаздың орындауындағы «Всё решают Небеса» әні көпшілікке кеңінен танылған. Сонымен бірге марқұм әнші жұбайы Лунара Бекбосыновамен бірге сахнаға шығып, ерлі-зайыптының орындауындағы «Ғашық жан» әні тыңдармандар сүйіп тыңдайтын шығармаға айналған еді.

Жәнібек Бекбосынов сахнадағы шығармашылығын ұстаздық қызметпен қатар алып жүріп, жас таланттарды тәрбиелеуге белсене атсалысты. Бұдан бөлек, ол республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанып, түрлі шығармашылық сайыстарда қазылық еткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар