Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қуаныштымыз! Жұғысты болсын»: Мақпал Жүнісова Тоқтар Серіков туралы қуанышты хабарын айтты

22:47, 08 қараша 2026

Әнші Тоқтар Серіков Республика күні қарсаңында «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова өнердегі інісі Тоқтар Серіковті алған марапатымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Тоқтар бауырым, марапатыңыз құтты болсын! Шын жүректен қуаныштымыз! Болашақта Бейбіт келінге де жұғысты болсын! «Ән мен әншіде» басымыз қосылып жатыр. Алла абыройымызды асқақтата берсін! Амандықта, жақсылықта болайық», – деп ізгі тілегін арнады Мақпал Жүнісова.

Өз кезегінде Тоқтар Серіков Мақпал Жүнісоваға шынайы ықыласы мен ақ тілегі үшін алғыс айтып, өнердегі әпкесіне деген құрметін жеткізді.

«Ниетіңізге, тілегіңізге рақмет әпке! Кеңжүрек, сондай көңілі кең адамсыз ғой. Қазақ үшін аман болыңыз! Алладан амандығыңызды сұраймыз. Алдымызда бізге осылай ақыл айтып, еркелетіп жүре беріңіз», – деп ризашылығын білдірді Тоқтар Серіков.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар