Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жартысына жуығы Украинаға қайтып кетті". Соғыс нүктесі Украинада қанша қазақстандық жүр?

19:34, 01 сәуір 2024 627

Ресейдің арнайы операциясы басталған кезде Украинадан елге жеткізілген қазақстандықтар сол елге қайтып барған. Бұл туралы Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Айбек Смадияровтың айтуынша, елге жеткізілген біраз қазақстандық қақтығыстың ушығып тұрғанын біле тұра, Украинаға қайтып баруды жөн санаған.

 «Өзеріңіз білетіндей соғыс жаңа басталған кезде, біз азаматтарымызды бірнеше рейспен сол жақтан эвакуация жасаған болатынбыз. Бірақ,  соның жартысына жуығы қайтадан Украинаға қайтып кетті. Енді қазір олардың өміріне қауіп төніп тұр ма, жоқ па, оны білмейміз. Өйткені соғыс болып жатқанын олар бізден жақсы біледі.   Әр адам өз қауіпсіздігіне өзі жауап береді.  Бірақ елшліктің міндеті біздің азамат оларға хабарласса міндетті түрде оларға көмектесу қажет. Қазір қанша қазақстандық барын нақты біле бермейміз.  Тек елшілікпен кім байланыста болады, солармен ғана байланыс ұстаймыз. Соғыс болып жатқандықтан  кейбір жерде байланыс жоқ",-деді ресми өкіл.

Смадияровтың сөзінше, Украинадағы эвакуациялық бөлімдердің және отандастарымыздың қандай мекен-жайда тұрып жатқаны туралы ақпарат жоқ.  Сондықтан қиыншылықтар туындап жатыр. Смадияров елге қайтуға ниет танытқан қазақстандықтар Польша мен Молдава елдері арқылы жеткізілетін айтты.

Айта кетейік, Ресей мен Украина арасында әскери қақтығыс басталған кезде Қазақстан азаматтарды жеті рейспен елге эвакуацияланды. Нәтижесінде 901 қазақстандық Украинадан шығарылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар