Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік оқиға: Қостанайда 3 мұғалім сұмдық жағдайда қаза тапты

11:20, 18 желтоқсан 2024 1202

16 желтоқсанда Қостанай облысында ірі жол апаты болып, үш мұғалім қаза тапты, тағы үш адам жараланды, деп хабарлады Alash.kz «Алау» басылымына сілтеме жасап. 

Полиция аталмыш істі тергеп жатыр. Қаза тапқандардың үшеуі мұғалім. 

16 желтоқсанда күндіз «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолында, Қарасу ауданына қарасты Геркено ауылынан 10 шақырым жерде ірі жол апаты болды. Volvo және Toyota Alphard автокөліктері соғысқан. Ірі жол апатынан үш адам оқиға болған жерде көз жұмды, тағы үш адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жеткізілді. 

Полиция Қылмыстық кодектің 345-бабы (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) негізінде тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар