Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Халықтың өте үлкен күш екендігін сезіндім» - Ислам Әбішев

10:53, 15 қаңтар 2024 204
Істі болған экс-шенеунік Ислам Әбіше алғаш рет сұхбат берді деп хабарлайды sn.kz.

https://youtu.be/6bAfRmh1d_c?si=B0ZI2UGoIWc_A75K

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер, Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің экс-төрағасы Ислам Әбішев «Qasqa Jol» ютуб-арнасында қонақта болды. Пара алды деген айыппен бес жылға сотталып, мерзімінен бұрын босатылған экс-шенеунік бұл оқиғаның қалай орын алғанын, кім қолдау көрсеткенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, сотталуға қатысты алғаш рет үлкен сұхбат беріп, мән-жайды толық баяндап отыр. Істі болған бұрынғы шенеунікті 300 мыңнан астам адам қолдаған.

Маған сенім білдіріп, мені қолдаған азаматтардың барлығына үлкен ризашылығымды білдіремін. Халықтың өте үлкен күш екендігін сезіндім. Өзімнің бостан-босқа күреспегеніме қуанамын. Қолдаған адамдардың барлығына, қол қоймаса да, тілектес болған адамдарға шын жүрегіммен ризашылығымды білдіремін, - деді ол.

Қол қойған 300 мыңнан астам адам аты-жөнін жазып, жұмыс орындарын, телефон нөмірін, тіпті құжаттарының нөміріне дейін жазып қолдаған.

Біреуді алдап қол қойдыра алмайсың. Алдап, 100-1000 адамға қойдырасың, жалынып тағы мың адамға қол қойдырасың – 300 мыңға жуық адамға қол қойдыру ол кез-келген шенеунік үшін, азамат үшін үлкен бақыт!, - деді Ислам Әбішев.

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар