Алматы облысында колонияда онлайн казино жұмыс істеп келген, деп хабарлайды Alash.kz.
Прокуратураның хабарлауынша, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған. Нәтижесінде жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асқан.
"№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты прокуратура сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті", – делінген хабарламада.