Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Елден шығарылды»: Желіде қазақ халқын қорлаған шетел азаматшасына қатысты ақпарат шықты (ВИДЕО)

09:57, 13 тамыз 2026

Әлеуметтік желілерде Қазақстанды қорлаған шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Стримде арандатушылық және әдепке қайшы пікірлер жариялағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған Г.К. есімді шетел азаматы Қазақстан аумағынан шығарылып, оған елге кіруге бес жыл мерзімге тыйым салынды.

Шетелдік азаматша Қазақстанды өзге де мұсылман елдерімен салыстырып, ұлттың IQ деңгейіне шүйліккен. Оған қоса, миығынан күліп, халықтың намысына тиген.

Іс материалдарына сәйкес, бұған дейін сот шетелдік азаматтың әлеуметтік желілердегі заңсыз әрекеттерін қарап, тиісті шешім қабылдаған болатын. Құқық қорғау органдары ел аумағында жүрген кез келген азамат үшін заң талаптарын сақтау және Қазақстанға құрметпен қарау басты міндет болып табылатынын ескертеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар