Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оқу-ағарту министрі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына арналған кеңес өткізді

14:40, 12 тамыз 2026

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова барлық өңірдің білім басқармаларының басшыларымен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады Alash.kz.

Министрліктің мәліметінше, басты назар білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығына аударылды. Жаңа мектептер құрылысының барысы, жөндеу жұмыстары және қолданыстағы білім беру ұйымдарының оқушыларды қабылдауға дайындығы қаралды.

Білім басқармаларының басшылары өңірлердегі құрылыс пен жөндеу жұмыстарының барысы, нысандардың дайындығы және шешуді қажет ететін мәселелер туралы баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлерге жұмыстардың мерзімі мен сапасын бақылауды күшейтіп, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық дайындығын қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар