Вэнс Зеленськийден Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына соққы беруді тоқтатуды талап еткен,деп хабарлайды ALASH.KZ.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Украина президенті Владимир Зеленскийден Каспий құбыр консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына жасалған соққыларды тоқтатуды жеке өзі талап еткен. Бұл туралы Financial Times басылымы мәлімдеді.
Басылым мәліметінше, Вэнс бұл талапты Зеленскиймен 31 шілдеде өткен телефон арқылы сөйлесу кезінде жеткізген.
Киев тарапы Вашингтонның талабын орындауға келіскен. FT мәліметінше, Украина АҚШ-тан Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымыран-тосқауылдағыштарды өндіруге лицензия алуға мүдделі болғандықтан, бұл шартқа келісім берген.
Каспий құбыр консорциумы Қазақстан мұнайын Новороссийск маңындағы терминал арқылы әлемдік нарыққа шығаруда маңызды рөл атқарады.