Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Екі адам уланып өлген»: Ірі көлемде есірткі сатқан қылмыстық топ жетекшісі Ресейде ұсталды

12:31, 12 қазан 2026

Алматы қаласында көлемі аса үлкен мефедрон психотроптық заттарын өндіріп, оны өткізумен айналысқан қылмыстық ұйымның негізін қалаушы Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бас прокуратура мен құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті 2024 жылы Алматыда бірнеше астыртын зертхана ашып, оны арнайы жабдықтармен қамтамасыз еткен. Қайғылы оқиғалардың бірінде осындай зертханалардың лабороториясында есірткі өндіру кезінде химиялық улы заттардан топтың екі мүшесі уланып көз жұмған. Алайда адам өліміне қарамастан, топ жетекшісі бұл әрекетін тоқтатпай, өзге де орындаушыларды жалдап, заңсыз жұмысты жалғастыра берген.

Тексеру нәтижесінде күдіктінің 2021 жылдан бастап қаржылай қиындық көріп жүрген азаматтарды қылмысқа саналы түрде тартып келгені анықталды. Қылмыстық топ мүшелері есірткіні әзірлеп қана қоймай, оны тасымалдап, өлшеп-орап, Алматы қаласы мен республиканың өзге де өңірлеріне таратқан. Барлық заңсыз операциялар мен байланыстар Telegram мессенджері арқылы қашықтан басқарылған.

Құқық қорғаушылар 2024 жылы 19 қыркүйекте астыртын зертханалардың жұмысын әшкерелеп, тінту кезінде 24 келіден астам химиялық реагенттер, арнайы құрал-жабдықтар мен дайын өнімдерді тәркілеген еді.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 2025 жылдың шілде айында Ресей аумағында қолға түскен болатын. Енді Бас прокуратураның ресми сұрауымен елге жеткізілген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оның мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар