Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадағы ғимараттардың біріне өрлеп, 15-қабатта кондиционер орнатып жатқан жұмысшы құлап кетті

21:53, 10 қазан 2026

Астананың Есіл ауданындағы Сауран көшесінде кондиционер орнату кезінде жұмысшы биіктікте қауіпті жағдайда қалған, деп жазды Alash.kz.

Оқиға тұрғын үй кешенінің 15-қабатында болған. Кондиционер орнату кезінде құлап кеткен ер адам кронштейннен ұстап қалып, шамамен 50 метр биіктікте асылып тұрған.

Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды қауіпсіз жерге түсірді.
ТЖМ биіктікте жұмыс істеген кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланудың маңызын еске салды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар