Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға келеді

09:16, 11 қазан 2026

11-14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады. 

Ақорданың хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп және Патшайым Матильда «Қазақстан-Бельгия» іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар