Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпуста ауыс-түйіс жасап, бірнеше елдегі Төтенше және Өкілетті елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ақорданың ресми баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
- Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
- Анель Бақытбекқызы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
- Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
- Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.