Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қызметтік өкілеттігімді пайдаланбаймын" - Арыс әкімі жол апатына ұшыраған көлікті ұлы жүргізгенін растады

16:57, 09 шілде 2026

Арыс қаласының әкімі Қайсар Манқараев Астана-Павлодар тас жолында жол апатына түскен көліктің тізгінінде өзінің ұлы болғанын растады, деп жазады Alash.kz.

Әкімнің айтуынша, ұлы кәмелетке толған, сондықтан заң алдында өз ісіне өзі жауап беруі тиіс.

Сондай-ақ Қайсар Манқараев тергеу жұмысына араласпайтынын және қызметтік өкілеттігін істің барысына ықпал ету үшін пайдаланбайтынын мәлімдеді.

Оның сөзінше, ұлының жол қозғалысы ережесін 29 рет бұзғаны туралы ақпараттың рас-өтірігін білмейді, сондықтан бұл мәліметті растай алмайды.

Бұдан бөлек, әкім сотқа дейін ұлының тіркеуі не себепті Астанадан Екібастұзға ауыстырылғанын және оның үйқамаққа алынуына қатысы бар-жоғын түсіндіре алмайтынын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар