Атыраудағы атышулы қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында банк өкілдері сотталушы Сұлтан Сәрсемалиевтің марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің атынан жымқырған 4 миллион теңгеден астам қаржысын талап етпейтінін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
КТК телеарнасының журналисі Жанат Молдашева жеке парақшасында былай деп мәлімдеме жасады:
«Сотталушы Сұлтан Сәрсемалиевтен 4 млн теңгеден астам шығынды талап етпейміз, кешірілді деді.
Каспи банк өкілдері «шығынды талап етпейміз, біз осылай шешім қабылдадық» деді.
Марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің атымен сотталушы 4 миллионнан астам қаржыға тауарлар сатып алып, оны жеке кәсіпкерлер арқылы ақшаға айырбастаған еді».